15.10.2015, 13:02
Оқылды: 28

Қауіпсіздік шаралары күшейтілмек  

 

террор 005Зеленов ауданында әкім жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.  Үшбу мәселенің алдын алу жұмыстарын пысықтаған отырыста комиссия мүшелері жастар мен жасөспірімдер арасында радикалды идеологияның таралуына тосқауыл қою, оқу орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, аудан мектептерінің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы мен тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайын талқылады. 

Жастар арасында радикалды идеологияның таралуына тосқауыл қою, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру туралы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Н.Бисенов баяндама жасап, бірқатар өзекті мәселелерді алға тартты.

Отырыста аудан мектептерінің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Сафиуллин баяндап берді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жүнісованың пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы аудандық мешітпен бірлесе атқарылған жұмыстар да нәтижесіз емес.

Отырысты қорытындылаған аудан әкімі әлеуметтік ғимараттар мен стратегиялық маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқушы саны көп мектептерге бейнекамера орнатып, турникеттер қою, мектеп инспекторы штатын беру үшін келер жылдың бюджетіне ұсыныстар енгізуді тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале