1.03.2016, 10:59
Оқылды: 22

Қауіпсіздік қағидалары – әр үйге

Kauipsizdik kagidalarimen ar yige   Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері халықты Деркөл ауылын аралап,  тұрғын үйлерге профилактикалық рейд ұйымдастырды.


Рейд жұмысына себепкер, департаменттің Facebook-тағы ресми парақшасында аталған ауылдың тұрғыны Алтын Аймурзина есімді азаматша әлеуметтік желі арқылы олардың елді мекенінде әлі белсенді түрде жеке тұрғын үй салу құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатырғанын айтқан. Жаңа құрылыс нысандарына рейд өткізу туралы өтінішін білдірген.

Рейд барысында су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер, өрттердің профилактикасы және алдын алу барысын түсіндірді.

Құтқарушылар адамдардың қайықтары бар ма, егер электр қуатын сөндірсе өз-өзін қалай ұстау керектігі туралы әңгімелеп, және осы кезеңде жеке секторда өрттің пайда болуын болдырмау үшін не істеу қажет екендігіне көңіл бөлді.

 Тұрғындарға қазірден бастап топырақ үйіп бекітудің, өз үйлерінің аумақтарынан қар жинаудың, жақын жерде орналасқан орлар және арықтарды тазартудың қажеттігі туралы ақпарат жеткізілді.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД

Мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале