24.06.2015, 20:51
Оқылды: 54

« Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы оздырылды

Janibek kauipsiz jol jedel aldin alu sharasi   Жәнібек аудандық  ІІб  ӘПб-нің МТИ полиция лейтенанты А.Ашекеновтың  мәліметіне сүйенсек,  БҚО ІІД-нен  жіберілген 2015 жылы маусым айының 18 күнгі №5-11-117/1-1962Д санды нұсқауына  сай жол жүрісі  ережелерін өрескел бұзу мен жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында 2015 жылы 19-22 маусым күндері  аралығында  Жәнібек ауданы бойынша   «Қауіпсіз жол» ЖПІШ шеңберінде іс-шаралар жүргізілді.

Аталған кезең аралығында әкімшілік  полициясы бөліністерінің  жеке құрамы  қызмет өткерудің күшейтілген  түріне көшірілді. Аудандық  маңызы бар автомобиль жолдарына  патрульдер ұйымдастырылуымен  нарядтардың тығыздылығы көбейтілді. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды  анықтау және жолын кесу мақсатында  рейдтік іс-шаралар өтті.

Осы уақыт ішінде  жол қозғалысы ережелерін бұзған   жүргізушілерге  18 әкімшілік хаттама толтырылы.  Ішімдік ішіп, мас күйінде көлік құралын  басқарған бір жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, сот органына шешім  қабылдау үшін  жолданды.

Аудан бойынша автомобиль жолдарының қауіпті учаскелеріне  қосымша тексеру ұйымдастырылып, аталған учаскелердегі жол жүрісі  қауіпсіздігін  арттыру бойынша  шаралар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале