20.11.2015, 17:49
Оқылды: 32

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы

Janibek kauipsizdik is sharasi   Жәнібек ауданында облыстық ішкі істер департаментінен түскен нұсқауға сәйкес жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларын төмендету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.


 

Аталған кезеңде әкімшілік полиция бөліністерінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілді. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасына тартылған жеке құрамды бөліп-орналастыру жоспары дайындалып, жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша жол қауіпсіздігіне елеулі ықпалын тигізетін жол қозғалысы ережесін өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды. Жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзуға жол беретін тәртіп бұзушыларды құжаттандыру бойынша жұмыстар жандандырылып, 16 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бір әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, сот органына шешім қабылдау үшін жолданды. Аудан бойынша автомобиль жолдарының қауіпті учаскелеріне қосымша тексеру ұйымдастырылып, жол жүру қауіпсіздігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарту арқылы жол қозғалысы ережесін бұзушылар туралы теріс қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған алдын алу жұмыстары күшейтілді.

www.zhaikpress.kz

А.Құсайынов

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале