1.07.2016, 12:47
Оқылды: 22

Қауіпті зиянкестер саны азайды

asa kauipti ziyankes sany azaidyЖәнібек ауданында шілденің бірінші онкүндігінен бастап аса қауіпті емес зиянкес саяқ шегірткенің дернәсілдеріне қарсы көлемі 1000 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмек.


ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Жәнібек аудандық филиалының басшысы Мұхтар Қарабалиевтің бізге берген мәліметі бойынша Тау, Жәнібек ауылдық округтерінің әрқайсысындағы 240, Қамысты, Ұзынкөл ауылдарының әрбіреуіндегі 200 және Талов ауылында 120 гектар жер  химиялық өңдеуден өтеді.  Аса қауіпті итальяндық прус, азиялық шегіртке санының төмендеуіне байланысты ауданда  химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу тоқтатылған. Сондай-ақ  укекіре карантиндік арамшөптеріне қарсы биыл маусымның бірінші онкүндігінде  мемлекеттік жер қорына сәйкес көлемі 171 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде Қамысты ауылдық округі бойынша 3 гектар жерге өңдеу жұмыстары жүргізілсе, Талов, Ұзынкөл ауылдарының әрқайсысында  бұл меже 84 гектар болып отыр.

                                                                          www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале