22.06.2016, 15:49
Оқылды: 21

Қожалық түліктері электронды базаға енгізілген

Talap1Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Жосалы ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Былқылдақ елді мекеніндегі «Талап» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.


2010 жылы құрылған «Талап» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысады. Қожалық иелігінде 2000 бас ұсақ мал, 250 бас бие  және 600 асыл тұқымды ірі қара бар.

Қожалық жетекшісі Виктор Капинустың айтуы бойынша, шаруашылық былтырғы жылы жоспардағы жұмыстарды толық орындаған. Жоспарлы жұмыстар биыл өзінің жүйелі жалғасын табуда.

talap (1)«Талап» шаруа қожалығының диқандары 200 га алқаптан арпа, қара бидай 250-300 гектар алқаптан қара бидай және 400 гектар алқаптан бидай өнімін алуды ойлап отыр.

Қожалықта мал азығын дайындау науқаны ойдағыдай жүруде. «Талап» шаруа қожалығының биылғы межесі - 12 000 бума. Науқанға агрегаттары толық 4 дана техника жұмылдырылған. Пішеншілер 2 бригадаға бөлініп еңбек етіп жатыр. Күні бүгін 2500 центнер шөп дайындалды.

Қожалықтың жоспарында биыл 80 бас қазақтың ақбас сиырының бұқасын сатылымға шығару белгіленген. Былтыр бұл көрсеткіш 60 басты құраған еді. Бұқалар 300 – 320 келіге дейін ет береді. Шаруашылық қазақтың ақбас сиырынан сапалы төлдер алуда.

Шаруашылық жұмыстарын былай қойғанда, «Талап» шаруа қожалығындағы іскерлік қағаздардың  жұмысы да оңтайландырылған. Иеліктегі түліктің барлығы электронды базаға енгізілген. Қожалық жетекшісі Виктор биыл Орынбор мемлекеттік аграрлық университетін ауылшаруашылығының технологы мамандығын бойынша аяқтады. Виктордың жары Наталья да қожалықта ветеринар маман болып еңбек етеді.

Қожалықтағы маусымдық жұмыстарға 15 адам тартылған. 39 адам тұрақты еңбек етеді.

Бүгінде Былқылдақ елді мекенінде қожалықта қызмет жасайтын 13 жанұя тұрады. Болашақта Былқылдақ елді мекенінен бастауыш мектеп ашу жоспары ойластырылуда.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале