25.02.2016, 18:00
Оқылды: 23

Қойма шаруашылығында өрт-тактикалық жаттығуы өтті

 Ort taktikalik jattigu  Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы «Кублей» ЖШС қойма шарушылығында өрт-тактикалық жаттығу өткізді.


Осындай объектілеріне болатын өрттер бірнеше ерекшелігі бар, оның арасында өрттің кең таратылуы, қою түтін, жоғары температура. Өрттің кең таратылуы қоймадағы материалдық құндылықтардың түрінен, жиналған тәсілінен, жанатын қаптама бар-жоғына байланысты.  Өртті сөндіру жұмыстары өткізген кезде келесі жағдайға назар аудару керек: қоймадағы өрттер жие-жие қызмет көрсетуші қызметкерлер жоқ кезінде басталып, өрт сөндірушілер жету уақытына дейін үлкен өртті қабылдайды.  Осындай өрттерді сөндіру құралдармен тәсілдер қатал таңдалу керек. Өрт сөндіру бөлімдердің жұмысы мықты есік, ауыр тиек және темір торларды ашу керектігімен қиындалады.

Жаттығу жоспары бойынша өрт дайын өнім  қоймасында орын алған.  Өрт болып жатқан орнына келген бірінші өртті сөндіру жетекшісі жауынгерлік барлау өткізіп, келесі жағдайды белгілейді: адамдарға қауіптілік және олардың құтқару мен қауіпсіз жерге көшірілуін ұйымдастырылуы, өрт болып жатырған орындағы  материалдық құндылықтар, олардың қапталуы, саны, орналасқан орындары, шектес секцияларға өрттін жолын, өртті сөндіру құралдары мен олардың пайдалануы, материалдық құндылықтардың эвакуациялауының қажеттілігін және жұмыстын көлемін, тиеу-жүк түсіру құралдары мен қызмет көрсетуші қызметкерлердің көмегін пайдалану мүмкіндігі.

Көмекке басқа өрт сөндіру бөлімдерден қосымша күштер мен құралдар келеді. Өрт сөндіру бөлімдердің өрт сөндірушілердің тәртіпке салынған және нақты белгіленген жұмысымен шартты өрт сөндірілді. Жаттығу соңында талдау өткізіліп, кәсіпорынның аумығында таныстыру экскурсия өтті.

     www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале