30.10.2015, 12:39
Оқылды: 22

Қой өсіріп, кәсібін жандандырмақ

акобаАқоба ауылына «Жұмыспен қамту-2020 жол картасының» екінші бағытына сәйкес ауылда кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орнын ашпаққа ниеттеніп,  800 мың теңге несие алған Светлана Аязбаеваның мекенжайына бас сұққанымызда, ауласында шөмеле қып үйіп қойған тайлап буылған шөпті көрдік.

Шөпке таяу жерде жан-жағын ашық етіп жасаған бастырмада енді ғана өріске шыққалы тұрған 40 шақты қой көрінеді. Светлана мен жұбайы Алтай осы маңда жүр екен.

- Екі жылдан бері несие алғым келген,-дейді Светлана. - Былтыр үйдің құжаттары дайын болмай қалды. Биыл, әйтеуір, сәті түсті. Өзім жұмыс істемеймін. Жұбайым - мектепте оператор. Бір ұл, екі қызымыз бар. Мал өсіріп, жеке шаруашылықпен айналысуды мақсат тұтып, осындай қадамға барып отырмыз. Кепілге ауылдағы үйімді салдым.

Мал өсіріп, кәсібін дамытуды көздеген Светлана биыл тамыз айының ортасында алған несиеге 35 аналық қой сатып алған. Бастырмада тұрған осы қойлар болып шықты. Ал шөмеленген 500 дана шөпті де сол несие қаржыға сатып алыпты. Шөпті таяу күндері әлі сатып алмақ. Сонымен қатар аудан орталығынан арпа сатып алғысы келеді. Сатып алған қойлары биыл туатын көрінеді. Соның төлін алып, одан әрі шопан ата малын өсіріп, көбейтуді жалғастыра бермек ойлары бар.

         www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале