10.10.2016, 9:59
Оқылды: 20

Қоларба табыс етілді

%d0%ba%d0%be%d0%bb%d1%8f%d1%81%d0%ba%d0%b0№5 Қараоба сайлау округінен депутат Гүлфия Көшбаеваға Қараоба ауылының тұрғыны Марс Сапаров өтініш жасаған. - Үйімде үлкен кісілерден қалған қоларба бар еді. Бұл жаңа қоларбаны үйде пайдаланатын ешкім жоқ. Сондықтан осы қоларбаны мұқтаж бір жанға тапсырыңызшы, - деп берген.

Соның сәті келді. "Қайырымдылық айлығы" аясында осы қоларба Жалпақтал ауылының тұрғыны 83 жастағы Надежда Голоноваға табыс етілді.
Надежда апа, - Қараобадан келген сәлемдемеге және қайырымдылық қолұшын созған Марс Сапаровқа алғысым шексіз, - деді.

Надежда апаны немересі Раджи Голонов бағып отыр. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер Ғалия Аюпованың да еңбегі бір төбе. Ал осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған Гүлнар Құсайынованың да өз қызметіне ұқыптылықпен қарайтынын байқадық.

Гауһар Әділжан

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале