24.10.2016, 18:24
Оқылды: 30

Қоларба тапсырылды

%d2%9b%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%80%d0%b1%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Олар бұл кеселді сұрап та, қалап та алған жоқ. Тағдырлары осылай болса, не шара. Көнеді-дағы. Көнгені сол, бірі төсекке таңылса да, бірі қоларбасыз, күтушісіз жүріп-тұрудан қалса да өмірге құштар. Бәрі де бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Жалпақтал аумағындағы мүмкіндігі шектеулі 10 жанға мемлекет тарапынан сыйлық жасады. Біз атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, осы 10 жанның бәріне қоларба ұсынылды. Атап өтер болсақ Жалпақтал ауылдық округінен 6 адамға, Қараөзен ауылынан 2 адамға, Жаңажол округінен 1 адамға, Талдықұдық ауылынан 1 адамға бөлмелік, серуендік қоларбалар. Мүмкіндігі шектеулі жандар көрсетілген қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Бәріне қоларбаларды Жалпақтал аймағы бойынша қариялар мен мүгедектерге үйден көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Мерует Нұралиева, Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратының маманы Қайырлы Спашева табыс етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале