15.10.2015, 10:02
Оқылды: 35

Қолдау көрсетілді

ЭльдарАудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен Егіндікөл ауылдық округінде «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті өтті. Кештің басты мақсаты – қамкөңіл жан Эльдар Болатовқа қолдау көрсету.

Тамыз айының бел ортасында кейіпкеріміз футбол ойнап жүріп, абайсызда аяғын сындырып алады. Дәрігердің көмегіне жүгінген ол аурухана кереуетіне таңылып, гипс салдырады. Бүгінде Эльдар 4 сыныпты денсаулығына байланысты үйден оқып жүр. Қараша айында Орал қаласына гипсін алдыруға бармақшы. Қолдау шарасында жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

Эльдар (1)Егіндікөл ауылдық округінің әкімі Абай Зейнуллин акция барысында қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақан, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қолұшын беру әр адамның азаматтық парызы екендігін айтты.

Шара барысында «Өтебаш» шаруа қожалығы атынан Рүстем Өтебашов Эльдарға қой атаса, көркемөнерпаздар да сыйлықтарын беріп жатты.

Ал аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Рима Әубәкірова түскен қаражатты Эльдар Болатұлына табыстап, тез жазылып кетуіне тілектестігін білдірді.

                 www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

 «Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале