28.12.2015, 10:16
Оқылды: 28

Қолжетімді бағамен сатылуда

  Janibek koljetimdi baga Жәнібек ауданына Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрақтандыру қорынан 600 литр сұйық май және 1,5 тонна күріш бөлінді.


Бұл-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын аз қамтылған, көп балалы, әлеуметтік жағынан әлжуаз топтарға қолжетімді бағамен сату мақсатын көздейді. Бүгінгі таңда аудан орталығындағы «Сайхаденова» жеке кәсіпкерлігі арқылы тұрақтандыру қорынан барлық ауылдық округтердің әрқайсысына 50 литр сұйық май, 125 келі күріш бөлініп, алғашқысының 5 литрі 1220, соңғысының бір келісі 180 теңгеден жоғарыда аталған топтағы тұрғындарға сатылуда. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, қазір осындай топтағы 200-ден астам адам қолжетімді бағамен сатылған азық-түлік тауарларымен қамтылған.

www.zhaikpress.kz

                                                                           Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале