20.10.2015, 11:34
Оқылды: 24

Қол арба табыс етті

DSC_0011Бүгін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Қазталов аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі әлеуметтік мекемесінде болып, мұндағы тірлікпен танысып, І топ мүгедегі Сергей Зверев пен Марат Есіркеповке қол арба табыс етті.

- Елбасының тапсырмасына орай бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау мақсатында қолдан келгенше жағдай жасап жатыр. Қариялар қашанда басты назарда болады, - деді кездесу барысында Самиғолла Сафиоллаұлы.

Өздеріне осындай қамқорлық жасағандары үшін Сергей Зверев пен Марат Есіркепов азаматтарға және қариялар үйінің ұжымына риасыз ризашылықтарын, алғыстарын жаудырып, мәре-сәре болды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале