7.04.2016, 19:32
Оқылды: 27

Қол күресінен өткен біріншілік

 Taskala kol kyresi        Тасқала аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай қол күресінен 1999-2000 жылдары туылған балдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті.


         Жарысқа Қ.Сәтбаев орта мектебі, «Сәулет» мектеп-лицейі, С.Жақсығұлов орта мектебі, ІІ Шежін орта мектебі және Семиглавый Мар орта мектебі командалары қатысты. Тартысты өткен спорттық сайыста қыздар арасында 40 келі салмақ дәрежесінде Бақтыгүл Сытдықова (ІІ Шежін мектебі), 50 келіде Алтынай Хайршақова (ІІ Шежін мектебі) және 60 келіде Ақмарал Садихиновалар («Сәулет» мектеп-лицейі) жүлделі І орыннан көрінді. Ал балдар арасынан 30 келіде Рысбек Халенов (ІІ Шежін мектебі), 35 келіде Досымжан Нұржанов (ІІ Шежін мектебі), 40 келіде Аманбек Дәулетқалиев (ІІ Шежін мектебі), 45 келіде Ернар Сағынгереев (Қ.Сәтбаев мектебі), 50 келіде Аслан Бекешов (ІІ Шежін мектебі), 55 келіде Бекзат Айдарбек (ІІ Шежін мектебі), 60 келіде Айболат Сағынғалиев (ІІ Шежін мектебі) және 65 келіде Әлімхан Насибуллиндар (ІІ Шежін мектебі) жеңімпаз атанды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар марапатталды. Осы жоғарыда аталған барлық жүлдегерлер 15 сәуір күні өтетін облыстық біріншілікке жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале