4.11.2015, 18:19
Оқылды: 16

Қол ұшын берді

Exif_JPEG_420

Жәнібек ауданындағы Борсы ауылының бір топ белсенді жастары «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының шеңберінде 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мекенжайларына барып, көмек көрсетті. Олар, атап айтқанда, Лариса Оразғалиева, Зинұр Қонысбаева сынды жандарға қол ұшын беріп, аулаларында үйіліп қалған күл-қоқыстарды тазалап, керексіз қалдықтардан арылтты. Жастардың қамқорлығына мүмкіндігі шектеулі жандар дән разы болды.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале