11.10.2016, 9:59
Оқылды: 22

Қоныс тойы тойланды

 %d2%9b%d0%be%d0%bd%d1%8b%d1%81-%d1%82%d0%be%d0%b9%d1%8b-%d1%82%d0%be%d0%b9%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сайқын ауылының арқа бетінен  бой көтерген жаңа баспаналарға қол жеткізген алты отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында салынған жалдамалы тұрғын үй. Жаңа пәтерге қол жеткізіп, мәре-сәре болғандардың арасында көп жыл баспана қиындығын кешіп келген Гүлбаршын Нұрғалиева сынды жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі сәби тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов тұрғындарға жаңа пәтер кілтін табыс етіп, «Қоныс құтты болсын!» айтты.


Аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Қоблан Жанғалиевтің айтуынша, бұл ғимараттарды тұрғызуға 40 миллион 250 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалыпты. Осы төңіректен тағы да 10 үйдің іргетасы қаланып, құрылысшылар қызу іске кірісіпті. Сәулетті құрылыстар көптеп салынып, ауылымыз ажарлана бергей.

Г.ҚАДЫРОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале