4.07.2015, 12:19
Оқылды: 44

Қоныс той құтты болсын, жас маман!

Janibek diplommen auilga   Жәнібек ауылында  үш жас маман  аталмыш бағдарлама аясында  жаңа пәтерге ие болды. «Қуаныш бөліссе көбейеді» деген қазақы қалпын сақтаған қаумалаған жұртшылық, жас отаудың шаңырақ уығын шаншыр қуанышына көптеп жиналды.

Қоныс иелерін құттықтау тізгінін ұстаған   облыс  әкімінің орынбасары  Нариман Төреғалиев: «Құрметті ағайындар! Жаңа тұрғын үйге кіргелі отырған жас шаңырақ иелері! Елбасымыз жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастыратын жалынды, жаңашыл жастарға үнемі қолдау жасау қажеттігіне назар аударып отырады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігіне кенеліп, үлкен өмірге жолашар қадамын ауылдан бастап жатырған жастарымыздың қатары жылдан-жылға молайып келеді. Отбасыларыңыз аман болып, үлгілі шаңырақ иелері ретінде Жәнібек өлкесін  көркейтуге үлес қоса беріңіздер!»,- деп ізгі тілегін арнай келе, жаңа баспанаға ие болғалы тұрған  Әлішер Кенжеғалив, Сырым Байысов, Тимур Хамитовтерге   жаңа үйдің кілті мен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан  естелік сыйлық ретінде «Отау» сандық-жерсеріктік қабылдағышын тарту етті.

    www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале