11.08.2015, 19:41
Оқылды: 17

Қособадағы ашық есік күні

DSC_0023Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков аудан әкімінің ашық есік күндері аясында Қособа ауылдық округінің халқымен кездесті.

Алғашқы жүздесу Қособа  ауылында, кейін Жырқұдық елді мекенінде  сабақтасты.

Аудан басшысы кездесу барысында «қыстың қамын жаз ойла» демекші, ауылдың қысқа дайындығына қатысты мәселелерге тоқталды. Ауыл шаруашылығын өркендетуге арналған  мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жақтары мен өзгерістерін түсіндірді. Ауыл шаруашылығындағы ауданның жетістіктері мен ақсап тұрған тұстарын атап өтті.

Тұрғындар тарапынан жарық, су, газ мәселелері көтерілді.

www.zhaikpress.kz

Шынар ЯУДАҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале