20.07.2015, 20:25
Оқылды: 69

Қособа ауылдық округінің әкімі болып Жұмабай Сатаев тіркелді

Sirim Asilanbek    Сенбі күні аудандық мәдениет үйінде ауылдық округінің мерзімінен бұрын шығып қалған әкімін сайлау өтті. Таңдаушы ретінде аудандық мәслихат депутаттары дауыс берді.

Дауыс беру және дауыстарды санау аяқталғаннан кейін Сырым аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов аудандық мәслихат депутаттары алдында дауыс берудің нәтижелерін жариялады.

Сайлау қорытындысы бойынша Қособа ауылдық округінің әкімі болып Жұмабай Сатаев тіркелді. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов Жұмабай Сатаевты ұжымына таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале