21.06.2016, 10:53
Оқылды: 35

Қособа мектебін жөндеу басталды

Қособа орта мектебінің жөндеуі басталды.   Сырым ауданында Қособа орта мектебінің күрделі жөндеуі басталды. Бұл үшін республикалық қазынадан 138 млн теңге қаражат бөлінген. Жөндеу жұмыстарын мердігер «АқсайСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр.

  Қособа ауылдық округіндегі жұмыс сапары барысында аудан әкімі Абат Шыныбеков мектептің күрделі жөндеу жұмыстарыменен танысты. Аудан басшысы мердігерлерге жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.


  Қазіргі таңда мектеп ғимаратының төбесі жаңартылып болып қалды. Екінші және үшінші қабаттарға пластикалық жақтауы бар терезелер орнатылды. Осы қабаттардағы қабырғаларда бастапқы сылақ жұмыстары аяқталды. Ғимараттың жылу жүйесі мен электр желісі жаңартылды. Мектептің спорттық залы мен асханасының жабдықтары да толығымен жаңартылмақшы. Күрделі жөндеудің толық аяқталатын уақытын нақты басып айту қиын.

www.zhaikpress.kz
Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале