26.10.2015, 11:26
Оқылды: 33

Қос анаға құрмет

алкаАудан әкімінің міндетін атқарушы Жаңабай Каналин ҚР Президентінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 93 Жарлығымен көп балалы аналар Рысты Абдуалиева мен Жанаргуль Юртубаеваны «Күміс алқа» алқаларымен марапаттады.

Күміс алқа.«Сіздерді марапаттарыңызбен құттықтаймын. Сіздер өздеріңіздің күш-жігеріңізді аянбай жұмсап, балаларыңыздың білім және тәрбие алуына жағдай жасап отырсыздар», - деген Жаңабай Нәбиұлы аналарға бақытты да ұзақ ғұмыр тіледі.

Сондай-ақ қос ана да Елбасының қамқорлығына, аудан басшылығына алғыстарын айтты.

Бұл қуанышты сәтке куә болған әкім аппараты мен дербес бөлім қызметкерлері де лебіздерін айтып, елін сүйетін азаматтар көбейе берсін деген тілектерін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале