29.12.2015, 20:04
Оқылды: 14

Қос ауылдағы қуаныш

  Terekti kos kuanish Желтоқсан айының 25 жұлдызында Теректі ауданы әкімі Жеңіс Серікқалиұлы Ұзынкөл ауылдық округінің тұрғындары үшін қуанышты сәттің себепшісі болды. Дәлірек айтсақ, аталмыш ауылда газ құбыры іске қосылды. Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың әл-ауқатын арттыруға ұдайы көңіл бөлінуде. Соның ішінде ауылдық жерлерді газдандыру мәселесі жыл сайын талқыланып келеді.


Осы орайда қомунальдық шаруашылық саласын дамыту мақсатында көптеген шаралар іске асырылып, белгіленген бағдарламалар аясында орта қысымды газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Ұзынкөлдік ағайындар осы жұмыстың басы-қасында болып, бастаған ісін соңына дейін мұқият атқарған мердігер «АлияСервис» ЖШС–нің директоры Венера Молғалиеваға мен ауылішілік төменгі қысымды газбен жабдықтаған Әнуар Асқарұлына алғыс білдірді. Тұсаукесер рәсіміне ауданымыздағы «Нұр Отан» партиясы филиялының бірінші орынбасары Вячеслав Мукашев, маслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, әкім орынбасарлары, аппарат және бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында Жеңіс Серікқалиев көп балалы ана Нұргүл Қуанқызына газ плитасын сыйға тартты.Еңбек ардагері Мария Альбекова халық атынан басшыларға рахмет айтып, осы күнді көзімен көргені үшін бақытты екенін жасырмады. Ал ауыл тұрғындары болса, шашу шашып, би билеп бір жасап қалды.

Дәл осы күні Приречный ауылында күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі де ашылды. Өнер ошағын ресми ашу аудан әкімі Жеңіс Серікқалиұлы мен әр түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормония әншісі, сонымен қатар осы мекеннің тумасы Марат Сарбөпеевке бұйырды. Ұйымдастырушылар алқасы дүйім жұртты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, концерт берді. Осы істі асқан жауапкершілікпен атқарған мердігер «АльфаСервисСтрой» ЖШС-нің басшысы Серік Кенжебайұлына аудан тұрғындары атынан алғыс айтамыз.

www.zhaikpress.kz

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале