13.08.2015, 18:53
Оқылды: 42

Қос ауылдағы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы  

 

кос ауылҮкімет өткен жылы бекіткен өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес ауданымызда біркелкі жұмыстар атқарылғаны белгілі.

Талдықұдық ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл орталығынан сән-салтанаты келіскен балалар ойын алаңы салынды. Оған 1 млн. теңге қаржы бөлінген.

Осы бағдарлама арқылы Талдыапан ауылдық округіне 870 мың теңге бөлінген. Шалғай ауылда балалар алаңын салып берген «Аслан жол» ЖШС басшысы Еркебұлан Ермұқановқа  ауыл тұрғындарының айтар алғыстары шексіз.

Қос ауылдың бүлдіршіндері енді қажетті әткеншектермен жабдықталған ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 «Ауыл айнасы»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале