15.07.2016, 10:17
Оқылды: 29

Қос ауылдың басшысы кім болмақ?

????????????????????????????????????

  Зеленов ауданы орталығындағы «Достық» үйінде аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров және бір топ мәслихат депутаттары Көшім, Чеботарев ауылдық округ әкімі лауазымына  үміткерлермен кездесті.


   Қазақстан Республикасы  Президентінің 2013  жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының» 20 тармағына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы 2016 жылдың   1 шілде  күні  Көшім  және Чеботарев ауылдық округ әкімдері лауазымына кандидаттарды тіркеген болатын. Мәселен, Көшім  ауылдық округі бойынша екі үміткер, бірі - Көшім ауылдық  округі әкімінің орынбасары, Үлкен Шаған ауылынының тұрғыны, 1973 жылы дүниеге келген Ауған Әлмурзин, бірі- Орал қаласының тұрғыны, 1971 жылы дүниеге келген Ербол Сидағалиев.

    Чеботарев  ауылдық округі бойынша екі үміткер, бірі - Достық  ауылдық  округінің бас маманы, Чувашин ауылының тұрғыны, 1982 жылы дүниеге келген Әдемі Жұманиязова болса, бірі - Чеботарев  ауылдық  округінің бас маманы, Чеботарев ауылының тұрғыны, 1986 жылы дүниеге келген Ақбота Тұралиева сынды үміткерлер.

   Кездесу барысында 4 үміткерге сұрақтар қойылып, ал олар өздерінің өмір жолдарын баяндап, көпшілікті сайлауалды бағдарламаларымен құлақтандырды.

   -Елбасының Жолдауында айқындалған міндеттерді бағдар ретінде ұсына отырып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту. Отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру үшін қолайлы кәсіпкерлік орта құру жолында жұмыстану, жаңа жұмыс орындарын құру – менің басты мақсатым,-дейді Көшім ауылының әкімі лауазымына үміткер А.Әлмурзин.

    Енді қос ауылдың тізгігін ұстайтын, халыққа жақын басшы кім болмақ? Оны  ағымдағы жылдың шілде айының 20-сы күні бірге білетін боламыз.

www.zhaikpress.kz
Айшабибі МӘМЕТ
Зеленов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале