15.04.2016, 11:14
Оқылды: 28

Қос ауылдың ілтипаты

????????????????????????????????????

     Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан әлемге танылып, тар жол тайғақ кешу мен зұлмат қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей өтіп, жаңа деңгейге қол жеткізді. Тәу  етер тәуелсіздігімізді күллі әлем таныды.

     Ұлы мерекені ұлықтау, Отанымызды сүю, аялау, қорғау, бір сөзбен айтқанда, сүйіспеншілікке толы патриоттық  сезімді қалыптастыруды ту еткен Достық ауылының бір топ өнерпаздары көршілес жатқан ауылдарға өнер сапарымен шығуды жөн көрген екен.


      Маңызы зор игі бастаманың басы-қасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс, ауыл әкімдері жүрді.

     Сонымен, Достық ауылының әкімі Бейбіт Аманғалиев бастаған өнерпаздар бір күнде екі бірдей, атап айтар болсақ, Январцев, Рубежин ауылдарында өнерлеріп паш етті.

     Көпшілікке  өздерінің  әсем билерімен қатар әуезді әндерінен өрілген керемет шара сыйлаған Достық ауылының тұрғындарына қос ауылдың халқы айрықша ілтипаттарын білдірді.

     Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешіп  жатқан ұрпақтар үшін  осындай  игі істер үлгі болып қалмақ.

 www.zhaikpress.kz

Айшабибі МАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале