29.06.2016, 12:18
Оқылды: 33

Қос балуан жеңіс тұғырынан көрінді

kos baluan20-27 маусым күндері Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері Күзенбай Шайкенді еске алуға арналған қазақ күресінін  жасөспірімдер арасында ІІІ республикалық турнирге қаратөбелік споршылар қатысып,  жүлдеге қол жеткізді.


Еске алу турниріне Алматы, Қарағанды, Семей, Петропавл, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 140 балуан қатысты. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін, тактикаларын жақсы меңгерген жерлестеріміз қарсыластарына дес бермей, алға шықты.

Аталмыш додада Арман Асылбекұлы (46кг) ІІ орыннан көрінсе, Дәулет Болат (38) ІІІ орынға табан тіреді. Еске алу турнирі қорытындысында Арман Асылбекұлы спорт шеберлігіне үміткер атанып, тамыз айында Қызылорда қаласында өтетін Балабидің турниріне жолдама алды.

 

www.zhaikpress.kz
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале