15.11.2016, 18:31
Оқылды: 52

Қос мектептің іргетасы қаланды


%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f-15057881_10207731642141462_164496436_n   Облыс әкімі Алтай Көлгінов қала іргесіндегі Деркөл елді мекені мен Зашаған кентінде болып, салынғалы жатқан мектептердің құрылыс жұмыстарымен танысты.


         Деркөл елді мекенінде бой көтеретін білім ошағы 600 оқушыға есептелген. Мектеп құрылысына ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 миллиард 255,6 миллион теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «СФ Алтим» ЖШС жүргізуде. Мектеп құрылысына бөлінген жалпы жер телімінің көлемі 29 688,8 текше метр. Нысанның аумағы 8 478,7 текше метрді құраса, оның 45 641,6 текше метріне құрылыс салынбақ. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында басталған мектеп құрылысы алдағы жылдың осы мерзімінде аяқталады деп күтілуде.

         Зашаған кентінің Сарытау мөлтекауданында құрылысын бастаған мектеп 900 орындық. Нысан құрылысына 1 миллиард 888,14 миллион қаржы қарастырылған. Білім ошағын салуға бөлінген жердің жалпы аумағы 2,84 гектарды құрайды. Құрылыс нысанының аумағы 51 141 текше метр болмақ. Мектеп қажеттілігіне қарай бір және үш қабатты, бір-бірімен байланысқан тоғыз бөлек ғимараттан тұрады. Сондай-ақ нысанның аумағында спорттық-денешынықтыру, алғашқы әскери дайындық, демалыс және шаруашылық орындары қарастырылған. Осы жылдың қазан айында басталған құрылыс жұмыстары бір жыл ішінде толықтай аяқталады деп жоспарлануда.

         Құрылыс нысандарында болған өңір басшысы бой көтеретін білім ошақтарының жобасымен егжей-тегжейлі танысып, алғашқы іргетасын өз қолымен құйды.

         -Бүгін екі жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына үлкен қолдау деп санаймын. Себебі облыс орталығындағы тұрғындар саны жыл санап артып келеді. Осы уақытқа дейінгі қоланыстағы мектептердегі бала саны өте көп. Үкіметтің және Білім және ғылым министірлігінің қолдауымен келер жылы облыс бойынша үш мектептің құрылысы басталмақ. Облыс орталығындағы апатты жағдайда тұрған №4 мектептің орнына жаңа білім ошағын тұрғызу жоспарымызда бар. Сонымен қатар бір мектеп өңір орталығынан салынса, екіншісі ауданда бой көтермек. Былғы жылы Шыңғырлау ауданында бір, Бөрлі ауданында екі балабақша салынды. Сонымен қатар Зеленов және Бөрлі аудандарында жаңа мектептер бойкөтеріп, пайдалануға берілді. Жалпы тәуелсіздік жылдары өңірімізде мемлекеттік қаражат есебінен 59 мектеп, 17 балабақша бой көтерген. Оған қоса 24 балабақша жеке инвесторлардың есебінен салынды.  Бүгінгі ірге тасы қаланған мектеп құрылыстары біз үшін үлкен қолдау болып отыр. Бұл жұмыстар оқушы саны көп, үш аусымда оқитын мектептерді болдырмау мақсатымен жүргізілуде,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»  

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале