2.10.2015, 13:09
Оқылды: 36

Қос қарияға құрмет

Terekti kos kariaga kyrmet    Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев Орал шаһары, Қамбар батыр көшесі, 8-үй, 42-пәтер ге бас сұқты. Бұл баспанада  қазан айының алғашқы күнінен бастап  жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының ардагері  Құбаев Таңқаш атамыз тұрады.

Басшы қуанышты хабармен келді. Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты Ақсуат  ауылының тұрғыны, ардақты ардагер  Таңқаш атаға берілген жәйлі  үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады. Сонымен бірге,«ОралТЭК НефтеХим»зауыты ұжымы атынан  теледидар сыйға тартты.

Үлкен-кішіні әмәнда  құшақ жая қарсы алып, зор өнегеге толы ғибаратты  әңгімелер  айтудан  жалықпайтын  ардагер ата :

- Ауданымызда Ұлы Отан соғысының ардагері алтау едік, оның біреуі көз жұмды. Қазір бес ардагер аман-есенбіз. Шүкір, 6 ұл мен 2 қызымыздан өрбіген 17 немере,  6 жиен, 5 шөберені сүйдім. Бұдан асқан  бақыт бар ма? Өздеріңіз  куә болғандай, міне,  су жаңа пәтерге қоныс аударып отырған жәйіміз бар. Әрине,  Елбасымызға, басшыларымызға  дән ризамын. Еңбегімізді бағалағаны деп білемін. Қуаныштымын, - дейді тоқсаннан асқан  қария.

Одан  әрі  аудан  басшысы мен  аудандық  мәслихат хатшысы Әлжан  Нұрғалиев, ардагерлер  кеңесінің төрағасы  Сәлім Қоқашев, аудандық  ішкі саясат  бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Эльмира СисенбаеваларҰлы Отан соғысының ардагері Иван  Власовтың  үйіне жол тартты.

Айта кетейік,  қала ішінен  Иван  Тимофеевичке өткен жылы жәйлі пәтердің  кілті табысталған болатын. Содан бері  қария осында тұрып жатыр.  Баспанасына барған  сайын  қариятүрлі естеліктерімен бөлісіп, тарихи оқиғалардан  сыр шертуден бас тартқан емес. Міне, әңгімешіл, қимылға ширақ майдангер атамыз биыл торқалы 95 жасқа толып отыр. Мерейлі жасымен  құттықтауды  құп көрген Жеңіс  Серікқалиұлы ардагерге ыстық  лебізін білдіріп,  ескерткішке сыйлық ұсынды,Таяуда ол ҚР Қорғаныс министрі  Иманғали Тасмағамбетовтың атынан  жолданған  құттықтау  хат  алған екен.

www.zhaikpress.kz

Самал  ЖАМЕТ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале