14.10.2016, 16:17
Оқылды: 21

Қоян еті «Деликатес»

 %d2%9b%d0%be%d1%8f%d0%bd-%d0%b5%d1%82%d1%96-%d0%b4%d0%b5%d0%bb%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d1%82%d0%b5%d1%81 Кәсіп жасаймын дегенге оның түр-түрі бар. Алайда сол кәсіп көздерін көп адамдар пайдалана бермейді. Ал, Қазталов ауылының тұрғыны Тұржан Нағымов сирек кәсіп қоян өсіруді қолға алған.


–Бұл жануар шөпті талғап жейді ғой. Күн сайын олар қоректенетін қырықбуын, мия сияқты шөптер тауып беремін. Сонымен қатар арнайы жерден қазып орын әзірлеп, оны сым темірмен қаптадым. Себебі, бұлар жер асты арқылы ін қазып, түрлі жолдар сала береді. Алдағы уақытта пайдасы болатын болса, өсіріп, санын көбейтем бе деген де ойым бар, шөбі мен суын толтырып қойсаң болды. Әрі қоян еті «деликатес»қой, - дейді Тұржан бізбен әңгімесінде.

Әсем БОЛАТ

Қазталов аданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале