18.11.2015, 19:46
Оқылды: 17

Қоғамдық келісімді күшейту – заманның мықты сұранысы

Akjayik Assambeia Kapakob    Ақжайық аудандық қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті. Оның жұмысына БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов қатысты.

Қоғамдық келісім кеңестерінің басты мақсаты – еліміздегі игі өзгерістерге қол жеткізудің айтулы кепілі ретінде тұрақтылықты, азаматтық татулықты, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Форумда сөз сөйлеген аудан әкімі Әділ Жоламанов осы орайда ауылдарымызда атқарылып жатқан істердің маңыздылығына тоқталды. «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның XXI сессиясында «Әр қалада, аудан орталығында, ауылдар мен селоларда жұмыстарға ерекше екпін түсірілуі тиіс. Әр үйге, әр отбасына жететіндей деңгейде жұмыс істелуі керек. Бүгін Ассамблея туы астында құрылған жергілікті жерлердегі қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін күшейту қажет»,-деп айтқаны біздің бір үлкен мақсатымызға айналды. Елбасының сарабдал саясатын насихаттау бағытында аудандық және 18 ауылдық округтердегі қоғамдық келісім кеңестері ел ішінде тыныштық пен татулықты, достықты сақтауға зор үлес қосып, тәуелсіздіктің нығаюына атсалысуда»,-деді ол.

Тұрғындар арасындағы ауызбіршілік, ұлттық құндылықтарды, рухани байлықты қадірлеу, жастар арасындағы тәрбие жұмысын күшейту жөнінде ұланғайыр істер бар. Денсаулық сақтау мен саламатты өмір салтын өрістетуге байланысты зор қам-қарекеттер тындырылуы керектігін аудан басшысы ерекше атап көрсетті. Ол мерекелі жылы ұлттық дәстүрді дәріптеу, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, тарихымызды түгендеу мақсатындағы ауқымды істерге үлес қосқандардың еңбегін атап өтіп, «Жайық таңы» газетінің жауапты хатшысы Борис Мырзағалиев, фототілшісі Нұрбек Ихсан, телеоператор Бауыржан Қожақов, жеке кәсіпкерлер Светлана Ереева, Гүлмира Қадесова, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сүйіндік Еркашев (Базартөбе), агротехколледж директорының орынбасары Марат Сәрсенғалиев, МДО балетмейстері, «Сымбат» бишілер тобының жетекшісі Шолпан Шүкірғалиева, «Радуга» славян мәдени орталығының мүшелері Елена Митрясова және Ольга Плехановаға Алғыс хат тапсырды.

Осыдан кейін Ғайса Қапақов БҚО Ассамблеясының Алғыс хатымен балалар шығармашылығы орталығының ұжымын (директоры Руслан Есеналиев), МДО директорының орынбасары Ләззат Құбаева, М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының орынбасары Қалампыр Есеналиева, «Радуга» славян мәдени орталығы хорының жетекшісі Анна Мартовицкая және «Радуганың мүшесі Василий Бегановты марапаттады.

Форум мінберінен аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев, «Радуганың» жетекшісі Валентина Боричевская, жастар атынан Севиль Гачаева «Қазақстан-2050» Стратегиясына сай, халық бірлігінің маңыздылығын атап көрсетті.

БҚО Ассамблеясының төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов ҚХА-ның жұртымызды біріктіруші күш екенінен толымды мысалдар келтіріп, ауызбіршілік, тұрақтылық туын әманда биік ұстау бүкіл бағымыздың негізі екенін әңгімеледі. Ол бұл таңжағы имандылық, медиация және қоғамдық бақылауға қатысты міндеттерді саралады.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале