16.07.2015, 14:41
Оқылды: 20

Қоғамдық келісімнің кеңейтілген отырысы

Taskala kogamnin kelisilgen jinalisi  Кеше әкімшіліктің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аудан әкімі,  қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әлиевтің төрағалығымен өткен аталмыш жиынға аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов пен аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева,  имам А.Ибрашев, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен округ әкімдері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары мен жастар қатысты.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Алғаш болып сөз алған аудан басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың  5 институттық реформа және 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары мен  оның жүзеге асырылуын бақылайтын Ұлттық комиссияның құрылғанын тілге тиек етті. Сондықтан әрбір кеңес мүшесі Ұлт Жоспарын халық арасында кеңінен насихаттауда үлкен рөл атқаруы тиіс,- деді Санжар Жұматайұлы.

Одан әрі ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндаса, екінші мәселе бойынша Ақтау, Амангелді  округтерінің әкімдері  ауылдағы  қоғамдық-саяси ахуал туралы есеп берді.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Санжар Әлиев жиналғандарға Елбасының «100 қадам» Ұлт жоспарындағы берілген тапсырмалар мен белгіленген міндеттерді орындауда қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқаратынына  сенімін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале