21.10.2016, 11:33
Оқылды: 31

Қоғамдық келісім кеңесінің форумы

????????????????????????????????????

   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып Ақжайық ауданы орталығы – Чапаевта қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті. Аталған кеңестің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев жүргізген бұл шараға облыс орталығынан «Қоғамдық келісім» КММ-нің директорының орынбасары Жамал Ихсанова, бас медиаторы Талшын Италиева қатысты.


  Осында ішкі саясат бөлімінің басшысы Тілек Ғабдушев өз баяндамасында Тәуелсіздіктің ширекғасырлық датасы дәуірлік оқиға екеніне тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап бергендей, өткен 25 жылдағы жетістіктерімізден, жеңістерімізден халық жан-жақты хабардар болуы үшін мерекені мазмұнды өткізуге байланысты міндеттерге тоқталды.

  Тиісті Тұжырымдамаға сай, ауданда осы жылдың басынан бері 227 ірілі-ұсақты іс-шара өткен. «Барлық істің салмағын еселей түсуіміз керек»,- деген ол қолға алынған бірқатар ауқымды істерді атап өтті. Әлеуметтік салада бірсыпыра мекемелер ғимараттары жасандырылуда, елдімекендерді көріктендіру жөнінде іргелі істер бар. Бірлікті, Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы идеасын, халқымыздың бай дәстүрін насихаттау, отбасылық құндылықтарды жарқыратып көрсетіп, үлгі ету, халық шығармашылығын өркендету, т.б. жөнінде алдағы күндерге ауқымды істер белгіленіп отыр.

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев бұл кеңестің ұлттар арасындағы татулық пен бірлікті нығайта түскенін, билік пен халық арасындағы алтын көпір болып табылатынын әңгімеледі.

– Облысымыз бойынша 239 қоғамдық келісімі жұмыс жасайды.,- деді «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Жамал Ихсанова. – Бұлар ортақ табысты баянды етуге ұдайы ұмтылып, ал орын алған түрлі келеңсіздікке бірінші болып назар аударып, тиісті шаралар жүргізеді. Бұл рухани құндылықтардың өзара тығыз байланысуына, сол арқылы адамдар арасында өзара түсіністіктің дамуына негіз болады. Жер-жердегі ақсақалдар мен аналар кеңестері қоғамдағы түйткілді мәселені шешуде таптырмас үлкен күш. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шешімдерді тұрғындарға уақтылы жеткізіп, жер-жерде жаңа реформалардың қолға алынуының мән-маңызын, олардың халыққа пайдасын түсіндіруде қоғамдық келісім кеңестерінің алар орны ерекше.

Жамал Сағынғалиқызы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, оның 4-ші бағыты бойынша біртектіліктің жаң парамертлері дайындалғанын, осы орайда ҚХА шеңберінде облысымызда 2000-нан аса шара өткенін айта келіп, басқа да ауқымды істерге тоқталды. Ұлтаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытуды көздейтін «Үлкен отбасы – үлкен ел» жалпыхалықтық жобасының жүзеге асуы жалғасуда. Бұл бағытта облыста «Этнос күндері» атауымен 16 жоба жүзеге асырылуда.

Форум барысында БҚО Қазақтан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың Алғысхатымен қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Аманғали Ғайсағалиев (Мерген), кәсіби емес медиатор Құрман Бисеғалиев (Чапаев), ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғинолла Садыров (Тайпақ), қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Ранит Ғалимулинді (Чапаев) марапатталды.

Бек СҮЙІНІШ

Суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале