20.10.2016, 10:37
Оқылды: 25

«Қоғамдық келісім – Қазақстанның биік беделі»

 %d2%9b%d0%be%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d0%ba%d0%b5%d0%bb%d1%96%d1%81%d1%96%d0%bc-%d2%9b%d0%b0%d0%b7%d0%b0%d2%9b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b1%d0%b8%d1%96   Дәл осындай атаумен Зеленовта аудандық қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті.

Форум жұмысына ауыл әкімдері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары, кеңес мүшелері, этномәдени орталық басшылары мен өкілдері қатысты.


Әмəнда тыныштық пен татулықты, бірлік пен достықты берік ұстанатын аудан халқы үшін бұл жиынның маңызы зор. Ал облыс орталығынан келген БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жамал Ихсанова, әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Гауһар Антазиева, кәсіби медиатор Т.Италиева сынды қонақтарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев қазақы дәстүрмен қарсы алды. Алдымен «Достық» мәдениет үйіндегі қазақ, орыс, украин, татар этномәдени бірлестіктерінің, аудан орталығындағы Қ.Аманжолов атындағы білім ордасына ат басын тіреген олар мектеп жанынан құрылған мұражай, «Парасат» достық клубы, кітапхана жұмысының барысымен егжей-тегжейлі танысты. Кейін мәдениет үйі фойесіндегі аудан шеберлерінің қолөнер жұмыстарын тамашалған қонақтар таңқалысын еш жасырмады. Кітап көрмесі де қарар көзге ерекше әсер қалдырды.

 -Осыдан үш жыл бұрын ауданымыздың 22 ауылдық округінде қоғамдық келісім кеңестері құрылған еді. Бүгінде қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту олардың басты мақсаты. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру барша қазақстандықтарға тұрақтылық пен ұлттық бірліктің басты факторына айналады деп есептеймін, - деді мінберде алғаш сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов. Форум жұмысына сәттілік тілеген Асылұлан Тұрсынұлы Трекин, Зеленый, Достық, Краснов ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары Т.Нұрмыханов, С.Ефимов, А.Жанғалиева, Е.Кузнецоваларға аудан әкімі атынан алғыс хат табыстады.

 Ал келесі боп мінберге көтерілген Ж.Ихсанова: -Бейбітшілік пен келісім басты байлығымыз. Ассамблеяның бір съезінде Елбасы «Ассамблеяға үш нәрсе жүктелді: қайырымдылық, медиация институтын дамыту және қоғамдық бақылау» деп еді. Міне осы үш міндетпен жүйелі жұмыстануымыз қажет. Қазіргі уақытта облыс бойынша 239 қоғамдық келісім кеңестері, 153 аналар кеңесі, 132 ақсақалдар кеңесі, қаламыздағы ЖОО-да достық клубтары бірлік пен татулықты ту етіп еңбек етуде. Дейтұрғанмен, әңгіме санда емес, сапада, -деді. Сөз соңында қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жетілдіруде елеулі еңбегі үшін Переметный ауылдық округінің әкімі А.Халауедин, Шалғай ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы В.Мищенконы БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақовтың алғыс хатымен марапаттады.

Бұдан басқа форум барысында Г.Антазиева, Т.Италиева кәсіби медиация, татулықты сақтау жайында баяндама жасаса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Дүзбатыров қоғамдық келісім кеңесінің маңыздылығына тоқталып, округтердегі кеңестің төрағалары мен мүшелері ауылдарда атқарылып отырған жұмыстармен таныстырды.

Форум барысында  аудан көркем өнерпаздары өнерлерін ортаға салып жиынға көрік бере түсті.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале