29.02.2016, 17:43
Оқылды: 43

Қоғамдық кеңестің комисиялары құрылды

 Kogamdik kenes komissiasi   Облыстық мәслихатта облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

         Жиында үш мәселе қаралды. Олар: аталмыш кеңестің қызмет бағыттары бойынша комиссия құру, осы комиссиялардың құрамы мен төрағаларын және кеңестің төралқасын сайлау. Соған орай баяндама жасаған облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың сөзіне қарағанда, қоғамдық кеңес құрамында алты комиссия жұмыс істейтін болады.


Біріншісі қоғамдық мониторинг, тыңдау, сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу және есептерді тыңдау комиссиясы. Оның төрағалығына Мәлік Құлшар ұсынылады. Екінші комиссия халықтың әлеуметтік мәселелерімен, әлеуметтік бағдарламаларды бақылаумен және денсаулық сақтау мәселелерін айналыспақшы. Комиссия төрағалығына Сергей Погодин ұсынылады. Білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты бойынша үшінші комиссияға жетекшілік жасау Мұрат Сыдықовқа тапсырылмақ. Экономиканың нақты секторы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша комиссия басшылығына Әлия Сәлиеваға үміт артылып отыр. Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар бойынша комиссия көшбасшылығына Жұмажан Қожжанов ұсынылды.  Алтыншы комиссия құқыққорғау органдарымен өзара іс-қимыл және жемқорлықты алдын алу бағытында жұмыстанатын болады. Оған жетекшілік жасауды Ғабдырахим Жаңбырбаевқа тапсырылу көзделуде. Әр комиссия құрамында алты мүше бар. Одан кейін он бір адамнан тұратын төралқа мүшелері ұсынылды.

Кеңестің төрағасының бұл ұсыныстарын облыстық қоғамдық кеңес мүшелері толығымен қолдады.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале