1.10.2015, 14:04
Оқылды: 24

Қоғамдық орында мылтық атқан ер адам сотталды

Koramdik orinda miltik atti    Бөрлі аудандық соты И.Нұрланға қатысты қылмыстық іске нүкте қойды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сөзге келу барысында жас жігіт Ақсай қаласындағы «Бестау» қонақүй кешенінің кіреберіс есігіне «Тигр» ныспылы карабинінен екі рет оқ атып, бой тасалаған.

Басты сот талқысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Материалдық шығын толық өндірілгендіктен, іс бойынша азаматтық талапарыз түскен жоқ.

ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша И. айыпты деп танылып, оның 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале