12.04.2016, 17:39
Оқылды: 29

Қоғамдық тəртіп пен көше тазалығын қадағалау мақсатында "мүлдем төзбеу" қағидатына сəйкес арнайы рейд өтті

Nurtai     Бүгін Орал қаласы əкімдігінің ұйымдастыруымен ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тəртіп пен көше тазалығын қадағалау мақсатында "мүлдем төзбеу" қағидатына сəйкес арнайы рейд өтті. Рейдтік топта Орал қалалық ішкі істер басқармасының "Абай" полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы, аға лейтенант Берік Тілеулеев, қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қапиет Ғинаятұлы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне автомобиль жолдары басқармасы абаттандыру секторының бас маманы Роман Жумиев болды.


     Шара барысында Ғ.Қараш жəне Комсомольска көшесінің тұрғын үй иелеріне жадынама таратылды. Учаскелік полиция қызметкерлері оларға ҚР Əкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 505-бабына жəне БҚО мəслихатының № 26-4 қаулысына сəйкес қала мен елдімекен аумағында абаттандыру қағидаларын, соның қатарында жеке үй аумақтарының, қоғамдық орындардың жəне көше тазалығын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

     "Қалада 600-ден астам орынға үш мыңға тарта контейнер қойылған. Бірақ кей тұрғындар қоқысты контейнер сыртына тастайды. Баршаны жат əдеттен аулақ болуға шақырамыз. Келісімшартқа сəйкес контейнерден қоқысты тазалағанымыз үшін əр тұрғынғай 115 теңгеден аламыз", - деді

     "Орал таза сервис" ЖШС директоры Əділбек Қадыров.

     Рейд кезінде Гагарин, Луговой көшелерінің тұйықталған тұсында, Жайық өзеніне жақын бес жыл бойы жиналған қоқыс үйіндісін көрсеткен тұрғындар бұл тəтіпсіздікті ешкім мойнына алмай отырғанына  айтып, қала əкімдігінен шара алуды сұрады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале