26.02.2016, 14:17
Оқылды: 25

Қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ міндет!

Janibek kogamdik tartip   «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақбастау» қоғамдық бірлестігі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ауыл тазалығы – ар-ұяттың айғағы» атты акция оздырылды.


         Аталған ұйымдардың мүшелері аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ауыл көшелерін аралады. Тұрғындарға қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынатындығын ескертіп, мұндай жағдай орын алса ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл төлеу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушылар жергілікті халыққа ұсақ бұзақылық, қоғамдық жерлерде былапыт сөйлеу, жеке адамдарға қорлап тиісу де заң бойынша жазаланатынын айтып, үлестірме қағаздар таратты.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале