19.10.2016, 11:44
Оқылды: 29

Қоғамдық қабылдаудан халықтың үміті зор

%d1%85%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba-%d1%83%d0%bc%d0%b8%d1%82 «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалында баспасөз өкілдеріне арналған брифинг болып өтті. Партияның қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштердің қаралуы мен партиялық жобалардың іске асырылу барысын сөз еткен басқосуға қоғамдық ұйым өкілдері мен этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Айта кету керек, партияның қоғамдық қабылдауына жүгінуші хатықтың қарасы уақыт өткен сайын артып келеді. Тіпті, соңғы үмітім сіздерде деп шалғай елді мекендерден келетіндер де бар екен. Толғандырған мәселенің тоқетер шешімін табар, кесімін айтар партияның ел алдындағы беделін, орнын осыдан-ақ аңғаруға болады. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыровтың мәліметіне сенсек, жыл басынан бүгінге дейін жүргізілген қоғамдық қабылдауларға жалпы саны 161 өтініш келіп түссе, оның 91-і оң шешімін тапқан. Өтініштердің нобайын жұмысқа орналасу, материалдық көмек көрсету және тұрғын үй салу үшін жер телімін бөлу мәселелері құраған. Қолданыстағы заң аясында немесе түрлі демеушілік арқылы көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік-материалдық көмектер ұсынылып, жұмыссыз тұрғындар құрылған жаңа жұмыс орындарына жолданылыпты. Ал тұрғын үй салу үшін жер телімін сұраған жандардарға «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы инфрақұрылымы жүргізілген аймақтан кезекке тұрған адамдар ғана жер алатыны туралы түсінік беріліп, кезекке тұру керектігі туралы айтылған. Өзге де түскен сұрақтардың бір қатары шешімін күтуде. Өйткені барлық мәселені бір сәтте шешіп тастау әсте мүмкін емес.

Сондай-ақ брифингте партиялық жобалардың мақсатты іске асырылу жайы сөз болып, қол жеткен нәтижелері сараланды. Барлық тоғыз жобаға аудандық мәслихат жанынан құрылған фракция мүшелерінен тәлімгерлер бекітілген.

Брифинг барысында жинвлған ағайын өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтар болсақ Переметный ауылдық округі қоғамдық Келісім кеңесінің төрағасы Николай Анципрович  Келер жылы басында зейнетақы өсетінін айтып, «Айқын тариф» жобасы арқылы азық-түлік бағасының өсіп кетпеуін партия назарда ұстайтын бола ма деген сұрағын жолдады. Оған Нұржан Тоғызбайұлы: «Айқын тариф» жобасы аясында біз ұдайы әлеуметтік себет құрамына енетін азық-түлік бағаларын бағамдап аудан әкімі жанындағы арнайы комиссияға жолдап отырамыз. Бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді,-деп жауап қайырды. Басқосуға келген өзге азаматтарды қоғамдық қабылдаудан шешімін таппаған мәселелер қайда қаралатындығын да сұрады. Оның жауабы берген партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: -Егер мәселені заң аясында шешу мүмкін болса, кез-келген мәселе шешімін табады. Ал заң аясында шешімі табылмайтын мәселер туралы барынша түсінік береміз,-деді

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале