3.06.2016, 12:59
Оқылды: 26

Қоғамдық қабылдау тұрақты

????????????????????????????????????

  Зеленов ауданында жер реформасына қатысты қоғамдық қабылдауды ұйымдастыру қолға алынып, қазіргі таңда аудан тұрғындарымен кездесулер жүргізілуде.

  Айта кетейік, тұрақты түрде өткізілетін мұндай қабылдауда аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және селолық округ әкімдері тұрғындармен жүздесіп отырады.


   Сонымен бірге азаматтардың келіп, талап-тілектерін айтуына  ыңғайлы болуы үшін  аудан орталығында, әр ауылдарда бөлмелер белгіленген. Тұрғындар мұнда алдынала нақтыланған уақыт бойынша келіп, өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айта алады.

  Осы орайда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан басшысы Кәрім Жақыпов тұрғындармен жүзбе-жүз отырып, олардың сауалдарына құлақ түрді. Мамырдың 30-ы күнгі қабылдауда болған Переметный  ауылының  тұрғыны  В.Железнов  қырық  тоғыз  жылға алынған жер телімінің жағдайы, алынған жерді мақсатсыз пайдаланса, қайтпек керек деген сықылды сауалдарын ортаға салды.

   -Жалға берілген жер телімдерін ешкім тартып алмайды. Бұл туралы 2003 жылы Жер кодексін бекіткен кезде 49 жылға жалға беріледі деп көрсетілген еді. 2016 жылдың 1 шілдесінен кейін оларға ешкім қол сұқпайтын болады. Сонымен бірге белгілі тәртіпке ғана сәйкес жалға алушылардың  ол жер телімдерін сатып алуға мүмкіндіктері туындайды. Ол үшін аудан әкімдігіне арыз жазу қажет. Онда келісім-шарт жасасқаннан соң,  жалға алушы меншік иесі болып саналады. Бұл орайда жер телімінің құны 50 пайызға азаяды. Сонымен қатар жалға алушы жер телімінің құнын 10 жылға дейін бөліп төлей алады. Сондай-ақ, жерді пайдаланушы төлемақының кестесін өзінің қалатасына қарап құрады. Бұл тәртіп  тек Жер Кодексінде келісілген жер телімдеріне ғана қатысты,  мемлекеттік меншіктен жеке меншікке берілуі мүмкін.

   Ал, ауыл шаруашылық жерлер мақсатқа сай пайдаланылмаса, онда жалға алушыға екінші жылы ескерту жіберіледі. Болашақта да осы әрекет қайталанса, ол жерді мемлекет қайтарып алады,-деп жауап қатты Кәрім Жақыпов.

  Бүгінгі уақытта жолданатын сұрақтардың дені көптің көкейінде жүрген мәселелер.  Әрине, көтерілген мәселелер заңға сәйкес келетін болса, міндетті түрде зерттеліп зерделенетіні анық.

   Қоғамдық қабылдау шарасы барысында тұрғындардан келіп түскен өтініш-тілектер, арыз-шағымдар, яки барлық сауалдардың бірде-бірі ескерусіз һәм жауапсыз қалмайтындығын тілге тиек етті аудан басшысы.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале