3.12.2015, 17:31
Оқылды: 17

Қоғамдық қабылдау өткізді

Janakala kogamdik kabildau   Жаңақала аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның мәжіліс залында №6 Қисық-Қамыс округінің депутаты Оразгүл Көбесова Жүсіпбекқызы азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келгендер денсаулық сақтау саласында сауалдар қойды.


 

Қоғамдық қабылдауға келген Жаңақала ауылдық округінің тұрғыны Айкүміс Өтепқалиқызы: «2003 жылы туылған қызым Айару Саматоваға денсаулық жағдайына байланысты «Шипажайда» ем алуға қол ұшын беруіңізді сұраймын» десе, келесі азаматша Гүлшат Бақтығұлова өз денсаулығы жөнінде ақыл-кеңес алумен шектелді.

Аталған өтініштер бойынша депутат Оразгүл Көбесова алдағы уақытта жұмыстанып, мәселенің шешілуіне атсалысатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале