22.10.2015, 15:04
Оқылды: 19

Қоғамнан тысқары қалмайды

 

Баян ДЖамбуловаҚаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Баян Жамбылованың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда даму мүмкіндігі шектеулі жандар санатында 544 адам бар. Олардың бірде-бірі қоғам назарынан тыс қалып көрген емес.

Атап айтсақ, олардың тегін ем-дом алуы үшін жан-жақты жағдай жасалынып, «Ақжайық» емдеу-сауықтыру шипажайында 29 мүгедек адам демалды.

Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекке орналастыру бағытында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 1 адам тұрақты жұмысқа, 10 адам қоғамдық жұмысқа, 2 адам әлеуметтік жұмысқа, барлығы 13 адам жұмысқа орналастырылды.

Тағдыр тәлкегіне ұшыраған кембағал жандарға қамқорлық көрсету шарасына жергілікті кәсіпкерлер, кәсіпорындар мен мекемелер де тұрақты түрде  атсалысып келеді. Соның ішінде «Қамқорлық» айлығына орай аудан еңбеккерлері еңбекақысының біркүндік табысын аударды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале