18.05.2015, 18:03
Оқылды: 28

Қоқсық заттардан арылды

Janibek koksiktan tazartildiЖәнібек ауданында  жарияланған санитарлық-экологиялық айлығын жалғастыру мақсатында күні кеше жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында  Жәнібек ауылдық округі аумағында орналасқан  мемлекеттік орман қоры жанындағы  «Квадрат» шағын орман алқабы қураған және құлаған ағаштардан арылды.

Сонымен қатар ауылдың оңтүстік беткейіндегі қатты-тұрмыстық қалдықтар төгетін полигонның айналасы тазартылып, қоқсық заттар арнайы орынға шығарылды. Бұл іс-шара туған өлкемізді көріктендіру, экологиялық жағдайын жақсарту, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Сенбілікке барлығы 575 адам атсалысты.

www.zhaikpress.kz

                                                                              Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале