2.07.2015, 19:39
Оқылды: 26

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің І Конгресі өтті

100 nakti kadam  2015 жылғы 1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Н.Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің І Конгресі өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Конгреске қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп отырған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатты,бес институционалдық реформаны, Ұлт жоспары – «100 нақты қадамды»  әйелдердің  қатысуынсыз іске асыру мүмкін еместігін атап өтті. Қазіргі уақытта ел бойынша орта есеппен 41,5% астам шағын және орта бизнес субъектілерге әйелдер жетекшілік етіп отырғанын, 1086,5 мың жеке кәсіпкерлердің ішінде 542,9 мың кәсіпкер әйел азаматтар екендігін атап айтты. 2014 жылы әйелдер 794,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті, бұл шағын және орта бизнес секторындағы барлық жұмыс орнының  30% құрайды.  Мұның баршасы әйелдер бизнесін одан әрі дамытуда және олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабылеттілігін арттыруда қолданылып отырған жүйелі шаралардың нәтижесі.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале