19.02.2015, 9:42
Оқылды: 29

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА: «Жұмыссыздарды көбейтпеуге әлеуетіміз жетеді»


Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен «2015 жылы әлеуметтік кепілдіктерді және жұмыспен қамту деңгейін сақтау туралы» тақырыбында брифинг өтті.


Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау үшін, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және жұмыссыздықтың өсуін болдырмауға бағытталған шараларды үйлестіру үшін Үкімет мынадай іс-әрекеттер алгоритмін әзірлегенін хабарлады.

Бірінші. Өндірістердің тоқтауына жол бермеу және жұмысшыны жұмыстан шығаруды болдырмау. Бұл бағыт бойынша өңір әкімдерімен бірлесіп ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілетін болады. Жылдың басында 161 мың адам жұмыс істейтін 114 кәсіпорынға мониторинг жүргізілді. Осы жылдың ақпан айында Үкімет мүшелері өңірлерге барып, ірі компаниялардың басшыларымен, кәсіподақтармен және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерімен кездесті. Сол жұмыс сапарларында 102 меморандумға қол қойылды, бұл 259 мың жұмыс орнын сақтап қалуға септігін тигізеді. Бүгінгі таңда барлығы шамамен осындай 19 мыңдай меморандумға қол қойылып, 1,2 миллионнан астам адамды қамтыды. Бұл еліміздегі жұмыс істейтін тұрғындардың 14%-ын құрайды.


Екінші. 1,2 млн. жұмыссыздарға және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған адамдарға да қатысты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын қабылдау міндеті тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде шамамен 400 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Басқа да салалық және мемлекеттік бағдарламаларды есепке алғанда, тұрғын үй құрылысы, индустрияландыру бағдарламасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реконструкциялау жоспарлануда, яғни адамдарды жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмауға біздің үлкен мүмкіндігіміз бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту  2020 жол картасын» жандандырып, өңірлерде халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспарлары қабылданатын болады. 2011 жылдан бері табысы аз, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатындағы 461 мың адам жұмыспен қамтылды.   Жұмыссыздық 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға төмендеді.

2011-2014 жылдар аралығында 16,1 мың адам, оның ішінде 2014 жылы 3 456 адам қоныстандырылды, жалпы қоныстандырылған азаматтардың қатарындағы 7,8 мың адам еңбек етуге қабілетті жастағылар, олардың  6,1 мыңы немесе 78,3%-ы жұмысқа  орналастырылды.

Үшінші.  Тартылатын жұмыс күшінің құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.  2015 жылы елімізге шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға арналған квота экономикалық белсенді  халықтың (63 мың адам) 0,7%-ы мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте жұмыс берушілер (заңды тұлғаларға) берген 30,7 мың рұқсат қолданылуда. Білікті ШЖК негізінен шығатын елдері алыс шетел қатарынан Қытай (9,6 мың адам немесе қолданыстағы рұқсаттардың 32%-ы), ал ТМД елдерінің ішінен – Өзбекстан (1,1 мың адам).

Жеке тұлғалар ТМД елдерінен 72,6 мың адамды, оның ішінде 69,2 мың (95%) Өзбекстан азаматтарын үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін тартқан. Басқа Орталық Азия өңіріндегі елдерден еңбек иммиграциясын пайдалануға Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары қызығушылық танытып отыр. Еңбек мигранттарының келуі ішкі еңбек нарығындағы теңсіздікті болдырмау мақсатында көші-қон процестерін реттеу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылған.

Одан басқа  Тамара Дүйсенова осы жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы аяқталатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының  тапсырмасы бойынша  Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған  бағдарламасының екінші кезеңін  әзірлеу басталды.


Дайындаған Ұлдай САРИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале