10.11.2015, 11:09
Оқылды: 35

ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың «Мәңгілік ел-асыл мұратымыз» атты шығармашылық кеші өтеді

Jymaganim rahimova  Ағымдағы жылдың 13 қараша күні сағат 18.30-да облыстық филармонияның Үлкен залында БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының         20 жылдығына  арналған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимованың  «Мәңгілік ел-асыл мұратымыз» атты шығармашылық кеші өтеді.

Жұмағаным Рахимова 1993 жылдан бастап Ғ.Құрманғалиев атындағы  облыстық филармониясының әншісі болып күні бүгінге дейін қызмет етіп келеді. Мың бояулы әдемі дауыс иесі, ерекше  музыкалық сезімталдығы бар халықтың сүйікті талғампаз да талантты әншісі. Халқының тамаша  әндерінің мол  мұрасын  дамытып, оны кейінгі ұрпаққа  өнеге етіп қалдыру,  әншінің  алдындағы асқақ мұраты.

Бүгінде әншілігімен қатар облыстық іскер әйелдер ұйымының  мүшесі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Өнер және саз» факультетінің доценті.

Осы күнге дейін көптеген шәкірттер дайындауда талмай еңбек етіп келеді. Солардың бірі  Республика көлемінде танымал, Халықаралық  «Шабыт»  фестивалінің Гран-При иегері, Астана қаласындағы мемлекеттік филармониясының әншілері «Жас-Қыран» триосы, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының солисі Айзада Капонова және опера әншісі Жұлқаш Жұмажан.

Әншінің кешінде «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі А.Кенжеғалиев/, «Назерке» халық биі ансамблі  /балетмейстерлері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, ҚР еңбек сіңірген  артисі Қанатқали Қожақов,  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:  Мұрат Әмірханов, Жаңылсын  Хасанова,  Мәдениет  саласының үздіктері: Майра Хайдарова, Камалиден Айтбаев, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары: Ақмарал Ахметова, Ақсұлу Жұмалиева,  Эльмира Усаева, Қуаныш Қисметов,  Еркін Өтегенов,  Дария  Бахитова, Күләш Қуанышқалиева,  Гүлмира Тащанова (концертмейстер), шәкірттері: Әсел Мұржанова, Тимур Мусин,  Дамир Сатибаев,  Артем Мукатаев,  Алтынбек Қанатқалиев, Аягөз Абдрахманова, Таңатар Перизаттар өнер көрсететін болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале