14.12.2015, 17:12
Оқылды: 41

ҚР Журналистер Одағының мүшесі Өмірзақ Тұрақбайұлы Ақбасовтың «Жыр бесігім-Жаңақала» атты шығармашылық кеші өтті

�;

   Жаңақала ауданында ақын, қаламы қарымды журналист, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Өмірзақ Тұрақбайұлы Ақбасовтың «Жыр бесігім-Жаңақала» атты шығармашылық кеші өтті.

   Кеш мәдениет үйі фойесінде ақынның «Күрең күз» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен басталды. Тіршілік тынысы, қоғам, отбасы туралы өлеңдері топтасқан жыр жинағының тұсауын аудан басшысы Л.Хайретдинов және ақын, «Жайық пресс» ЖШС директорының орынбасары Ғ.Сейтақ кесті. Өз кезегінде сөз алған Өмірзақ Тұрақбайұлы жиналғандарға ризашылығын білдіріп, кітаптың алғашқы данасын рухани орталық аудандық орталықтандырылған кітапхана мен аудандық Асылбек Ишанов атындағы ақындар клубына табыстады. Одан әрі кешке келген қонақтар «Мен де бір ұлымын ауылдың» атты көрмені тамашалады.


    Жаңақала топырағында талай дарын дүние есігін ашып, өзінің есімін тарихы тұнған шежіре қойнауында мәңгі қалдырды. Солардың бірі Өмірзақ Тұрақбайұлы «Тіршілік тынысы», «Өмір толғауы», «Құлагер-ғұмыр» атты жыр жинақтарының авторы ретінде оқырман қауымға жақсы таныс.

         Кешке жыр сүйер қауым, оқырмандар көп жиналды. Шығармашылық кешке арнайы келген аудан басшысы Л.Хайретдинов қаламгерді мерейтойымен құттықтап,аудан өмірімен біте қайнасқан аудан айнасы «Жаңарған өңір» газеті облыста алдыңғы қатарлы үнпарақ екенін, сонау балаң кезде атқан қонған  Өмірзақ Тұрақбайұлының газет жұмысының алға басуына, дамуына зор еңбек сіңіргенінатап өтті. Ал бала кезден бірге жүріп, бір кездері аудандық газетте қызметтес болған Закария Жүсіпқалиұлы қаламгер туралы естелігімен бөлісіп, әзіл өлеңін арнады.

   Сондай-ақ қаламгерді құттықтай келген «Жайық пресс» ЖШС директорының орынбасары Ғ.Сейтақ, аудандық газет редакторлары сөз алып, жүрекжары лебіздерін арнады.

   Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастаған Ө.Тұрақбайұлының еңбегі елеусіз қалмады. 2004 жылы ҚР Ақпарат Министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2008-2011 жылдары облыс әкімінің құрмет грамотасымен, 2005 жылы Конституциямыздың 10 жылдығына орай мерекелік медальмен, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, биыл ашылған «Даңқ» мемориалына қаламгердің есімі жазылды.

    Кеш барысында кеш иесінің отбасылық, шығармашылық өмірінен бейне слаид көрсетіліп, жаңа әндерінің тұсауы кесілді. Ақынның «Есіңде ме?», «Ауылым», «Ару Астана» өлеңдеріне ән жазған інісі Е.Ақбасов әндерін тамылжыта орындаса, Е.Ақбасовтың әніне жазылған ақынның «Жарыма» атты тағы бір әнін өнерлі жұп Меңдеш-Ақмарал Шапиқовтар кештің шырайын кетірді.Ал сахна төріне көтеріліп, өзінің әріптес ағасына арнауын оқыған А.Ермекқалиев кештің өн бойын шырайландыра түсті.Жас әнші Қ.Айдарбеков Өмірзақ Ақбасовтың сөзіне жазылған Ерлан Сатыбаевтың әні«Бірлігім-құтты қонысым» әні көрерменді ерекше күйге бөлесе, А.Негаевтың орындауындағы Өмірзақ Ақбасовтыңсөзіне жазылған  Ерлан Сатыбаевтың «Жаңақала вальсі» әні кештің негізгі түйіні болды.

 www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале