27.05.2015, 11:35
Оқылды: 27

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен республикалық комиссияның отырысы өтті

Abdikalikova Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы қазақстандық патриотизм мен халықтың бірлігі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформаны кезең-кезеңімен іске асырудың және«100 нақты қадамды» өмірге табысты енгізудің маңызды факторы екенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова қазақстандық патриотизм ең әуелі Отанға деген сүйіспеншіліктен және оның мемлекеттік рәміздеріне деген  құрметпен тәрбиеленетінін атап көрсетті.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ, Астана қаласы жәнеАтырау облысы әкімдерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстары туралы есептері тыңдалды.Аталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың осы маңызды идеологиялық саладағы жұмысына жан-жақты әрі терең талдау жасалды.

Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының  назарынамемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, ішкі бақылауды ұдайы қамтамасыз ету, құқыққолдану тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласына бақылауды күшейту мәселелеріне тоқталды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале