19.01.2016, 12:31
Оқылды: 44

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы тағайындалды  

 

Нуртазин2016 жылдың 18 қаңтар күні ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің жауапты хатшысы С.Қ.Ахметжанов БҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысын таныстырды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болып Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы тағайындалды.


Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин 1956 жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тасхутор ауылында дүниеге келді.

1982 жылы Саратов мемлекеттік педагогикалық институтын мұғалім мамандығы бойынша, 2002 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.

1976-1983 жылдары - Орал облысының Кузнецов мектебінде мұғалім; 1986-1989 жылдары - Қазақстан Компартиясының Камен аудандық партия комитетінде нұсқаушы.

1989-1999 жылдары - Тасқала ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, меңгеруші;

1999-2000 жылдары - БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстарының бас маманы;

2000-2014 жылдар - ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО Департаментінің Тәртіптік Кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары;

2014 жылдан ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, басшының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы м.а. қызметтерін атқарды.

Наградалары - «ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне - 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерекелік медальдары.

Социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. Диссертация тақырыбы: «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет институтын өңірлік деңгейде қалыптастырудың әлеуметтік-саяси механизмдері».

www.zhaikpress.kz

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале