6.05.2016, 17:51
Оқылды: 31

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Бақтияр Мəкен жастармен кездесті

Makennnnn     Бүгін ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Бақтияр Мəкен Орал қаласындағы Достық үйінде жастармен кездесті. Ол қазіргі уақытта кеңінен насихатталып жатқан Елбасы Жолдауы, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспары, "Мəңгілік ел" патриоттық актісі сынды құжаттардың мəн-маңызын түсіндірді.


    - Қазір жастар белсенді болу керек. Қоғамдық шараларға белсенді араласыңыздар. Жан-жақты болуға ұмтылыңыздар. Бір ғана мамандықты игерумен шектеліп қалуға болмайды. Мен "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқыдым. Сонда мектеп қабырғасынан талаптанып, ерте шираудың пайдасы зор екеніне көзім жетті. Əлемдегі ғылыми прогреске ағылшын тілі арқау болуда. Сондықтан мемлекетттік тілмен қатар,  өзге елдердің тілдерін меңгеруге ден қою керек, -деді Бақтияр Мəкен.

   Халық қалаулысымен кездесуге облыстағы жастар ұйымдарының төрағалары, жергілікті жəне жастар мəслихатының депутаттары, студенттер мен басқа да белсенді жастар келді. Олармен Мəжіліс депутаты Бақтияр Мəкен емін-еркін диалог құрып, қойған сұрақтарына жауап берді.

   Сонымен қатар, ашық əңгіме алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, төраға орынбасары Ғайса Қапақов, облыстық жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқарма басшысы Азамат Айтуев болды.

    Жастар арасындағы жұмыссыздық мəселесін кеңінен талқылап, кəсіптік-техникалық мамандықтарды игеруге бет бұруға шақырған Бақтияр  Мəкен Мəжілістегі "Нұр Отан" фракциясы құрамындағы жас депутаттардың атынан Елбасының "Əлем. ХХІ ғасыр" манифесін қолдауға шақырған үндеуімен таныстырды.

     Айта кетерлігі, біздің облыс жастарынан Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 100-ге тарта ерікті қатыспақ. Халық қалаулысы көрме жұмысына еріктілерді тарту жұмысына белсенді араласатынын, сондықтан белсенділерді назардан тыс қалдырмай, оларға тікелей қолдау беретінін айтып,  жастарды қуантты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале