27.07.2015, 19:54
Оқылды: 17

ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Жәнібек ауданы активімен кездесу өткізді

Janibek Ahmetov01    Жәнібек ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов аудан активімен кездесу өткізді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуге ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары қатысты. Актив жиналысын аудан әкімі Мұрат Мұқаев қысқаша кіріспе сөзбен ашты. Бұдан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты  жиналғандар алдында сөз сөйлеп, Сенатта осыған дейін 113 заң қабылданғанын, олардың барлығы да халықтың әл-ауқаты мен бизнестің дамуын көздейтінін баса көрсетіп айтты. –Көршілес Ресейдегі жағдай бізге де өз әсерін тигізбей қоймайды,-деді ол,-Сондықтан мұнайдың бағасын екі рет өзгертуге мәжбүр болдық. Бюджеттің кірісі мұнайдың бағасына байланысты. Биыл елде Президент сайлауы жоғары деңгейде өтті. Сайлауда басым дауыспен жеңіске жеткен Елбасы өзінің «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын жария етті. Қазір аталған реформаларды жүзеге асыруда үлкен жұмыстар атқарылуда,-деген Сенат депутаты бұдан әрі қоғамды жетілдіру, дамыту мақсатындағы өзгерістерді іске асыру бағытында жұртшылықтың жұмыла жұмыс істеу қажеттігін баяндады.

Сенат депутатымен кездесу жиналысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Уәлиев пен  зейнеткер Нұрман Түменов сөз  алып, аудандағы тұрғын үй, жол мәселелерін шешудегі күрмеуі қиын жайттарды тілге тиек ете келіп, аудан көлемінде атқарылып жатырған игі істерге оң баға берді. Олар ауданда істелген жұмыстардың халықтың кәдесіне асуына Сенат, Мәжіліс депутаттарының тікелей ықпал жасағандықтарына  ризашылықтарын білдірді.

Аудан активінің жиынын аудан әкімі Мұрат Мұқаев қорытындылап, Сенат депутатына ел игілігі жолында атқарып жүрген қызметіне табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале